«Сақтандыру сыйлықақыларын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 19 мамырдағы № 172 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 147 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Сақтандыру сыйлықақыларын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылдың 19 мамырындағы № 172 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20673 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сақтандыру сыйлықақыларын субсидиялау қағидаларында:
13-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) сақтандырудың ақпараттық жүйесі мен банктік төлем жүйесінің ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде осы Қағидалардың 2-тармағында белгіленген субсидиялау мөлшеріне сәйкес сақтанушының сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін төлегенін растауы;»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: