(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «2024 - 2026 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ БЮД...

2024 - 2026 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы
Шымкент қаласы мәслихатының 2023 жылғы 12 желтоқсандағы № 11/93-VIII шешiмi

 

Осы редакция 2024 жылғы 19 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 8-бабы 2-тармағына, 75-бабы 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағына және «2024 - 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

1. Шымкент қаласының 2024 - 2026 жылдарға арналған бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемде бекiтiлсiн:

1) кiрiстер - 647 393 865 мың теңге, оның iшiнде:

салықтық түсiмдер - 314 369 212 мың теңге;

салықтық емес түсiмдер - 11 897 536 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 19 053 185 мың теңге;

трансферттердің түсімдері - 302 073 932 мың теңге;

2) шығындар - 611 350 640 мың теңге;

3) таза бюджеттiк кредиттеу - 5 137 490 мың теңге;

бюджеттік кредиттер - 5 865 000 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 727 510 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - 30 905 735 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - - 30 905 735 мың теңге.

2. Қала әкімдігінің 2024 жылға арналған резервi 4 000 000 мың теңге сомасында бекітілсін.

3. 2024 жылға арналған жергілікті бюджеттердің атқарылуы процесiнде секвестрлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттiк бағдарламалардың тiзбесi осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.

4. Қаладағы аудандардың 2024-2026 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалардың тiзбесi осы шешімнің 5-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

5. «Шымкент қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

6. Осы шешім 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.