Ақтөбе облысында жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың қағидаларын бекіту туралы
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2019 жылғы 20 қыркүйектегі № 458 шешімі
(2023.02.01. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2024 жылғы 25 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Ақтөбе облысы мәслихатының 2022.25.05. № 124 шешімімен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 2-8-тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 48 «Жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18771 болып тіркелген) сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қоса беріліп отырған Ақтөбе облысында жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыстық мәслихаттың сессия төрағасы |
А. Болатов |
| Облыстық мәслихаттың хатшысы |
С. Қалдығұлова |
Ақтөбе облысы мәслихатының 2022.25.05. № 124 шешімімен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Ақтөбе облыстық мәслихатының
2019 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 458 шешімімен бекітілген
Ақтөбе облысында жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2022.14.12. № 163 шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)