«Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, сақтау, төмендету және алып тастау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 16 наурыздағы № 208 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 11 ақпандағы № 108 бұйрығы

«Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, сақтау, төмендету және алып тастау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 16 наурыздағы № 208 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 11 ақпандағы № 108 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, сақтау, төмендету және алып тастау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 16 наурыздағы № 208 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16731 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 17 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдарының қызметкерлері ен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, сақтау, төмендету және алып тастау қағидаларында:

14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«14. ІІО актісінің негізінде осы Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген басшылар күнтізбелік он күн ішінде ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, төмендету және алып тастау туралы бұйрық шығарады.

Бұйрыққа қол қойылған күн, егер онда өзгеше айтылмаса, ІІО қызметкері мен әскери қызметшісіне сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, төмендету және алып тастау күні болып есептеледі.

Бұйрықтардың көшірмелері сыныптық біліктілігі үшін тиісті үстемеақы есептеу не оны төлеуді тоқтату (тоқтата тұру) үшін қаржы қызметтеріне жолданады.

ІІО-ның қалалық, аудандық, желілік бөліністері бұйрықтардың көшірмелерін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың полиция және көліктегі полиция департаменттерінің (бұдан әрі - ПД, КПД) кадр қызметтеріне жолдайды.»;

21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.