«Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 217 бұйрығымен бекітілген) (күші жойылды)

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 17 тамыздағы № 615 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

2015 жылғы 17 наурыздағы

№ 217 бұйрығымен

бекітілген

 

 

«Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»

 санитариялық қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы «Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі - Санитариялық қағидалар) Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 144-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және жобалауға, салуға, қайта жаңартуға, жөндеуге, пайдалануға беруге, сумен жабдықтауға, кәріздеуге, жылытуға, жарықтандыруға, желдетуге, микроклиматқа, күтіп-ұстауға және пайдалануға, тәрбиелеу мен оқыту, тұру жағдайларына, тамақтандыруды ұйымдастыруға, балаларға медициналық қызмет көрсетуге, сондай-ақ меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, толық, жарты күн (қысқа уақытқа), тәулік бойы болатын балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту объектілерінің барлық түрлері мен үлгілеріндегі персоналды гигиеналық тәрбиелеуге (жеке гигиенасына) қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.

2. Осы Санитариялық қағидалар:

1) мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту - мемлекеттік және жеке бөбектер бақшасы, балабақшалары, отбасылық бөбектер бақшасы, санаториялық бөбектер бақшасы, «мектеп-балабақша» кешені, мектепке дейінгі шағын-орталықтар (бұдан әрі бірлесіп - МДҰ деп аталатын);

2) тәрбиелеу және балалар тұратын орындарды ұйымдастыру - балалар үйі, жетімдер үйі;

3) меншік нысандарына қарамастан, балалардың тамақтануын ұйымдастыру қызметін жүзеге асыратын балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту объектілеріне (бұдан әрі бірлесіп - объектілер деп аталатын) қолданылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.