(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҮЙЛЕРДІ (ҒИМАРАТТАРДЫ) ҒИБАДАТ ҮЙЛЕРІ (ҒИМАРАТТАРЫ)...

Осы редакция 2019 жылғы 23 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2017.26.07. № 113 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Мәдениет және спорт министрінің

2015 жылғы 23 сәуірдегі

№ 147 бұйрығына

8-қосымша

 

 

«Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу

 (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

(2018.28.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. «Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

ҚР Қоғамдық даму министрінің 2018.28.12. № 01-01/117 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі әзірлеген.

ҚР Қоғамдық даму министрінің 2018.28.12. № 01-01/117 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

 

 

 

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

 

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасы тапсырылған күннен бастап - күнтiзбелiк 30 (отыз) күн.

Мемлекеттік корпорацияға жүгінген жағдайда Мемлекеттік корпорациясының құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.