Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы
Павлодар облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 9 маусымдағы № 170/6 Қаулысы
(2017.14.04. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2019 жылғы 18 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Ветеринариялық анықтамалар беру»;
2) «Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу»;
3) «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру»;