«Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының жекелеген республикалық мемлекеттік кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 1302 Қаулысы
Осы редакция 2015 жылғы 28 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының Әкімшілік ғимараттар дирекциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) оған «Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының асханасы» және «Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының Қызметтік тұрғын үйлерді пайдалану жөніндегі дирекциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындарын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.