Осы редакция 2018 жылғы 6 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2018 жылғы 29 наурыздағы
№ 138 бұйрығына
2-қосымша
Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық
техниканың айналымы саласындағы субъектілерге фармацевтикалық қызметтер құнын төлеу
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналымы саласындағы субъектілерге фармацевтикалық қызметтер құнын төлеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің (бұдан әрі - Денсаулық туралы кодекс) 25-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналымы саласындағы субъектілерге (бұдан әрі - субъектілер) фармацевтикалық қызметтер құнын төлеу тәртібін айқындайды.
2. Субъектілерге фармацевтикалық қызметтер құнын төлеуді Денсаулық туралы кодекстің 25-бабының 4-тармағына сәйкес әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры немесе бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жүзеге асырады.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) бірыңғай дистрибьюторға фармацевтикалық қызметтер құнын төлеу шарты (бұдан әрі - фармацевтикалық қызметтерге ақы төлеу шарты) - бірыңғай дистрибьюторға фармацевтикалық қызметтер құнын төлеуге қор мен бірыңғай дистрибьютор арасында жазбаша түрде жасалған шарт, онда тараптардың құқықтары, міндеттері және фармацевтикалық қызметтерді төлеуге байланысты өзге де талаптар айқындалады;