«Инвестициялық портфельді басқарушының ipi қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 31 шілдедегі № 149 қаулысына 7-қосымша) (2019.14.10. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2017 жылғы 31 шілдедегі

№ 149 қаулысына

7-қосымша

 

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020.30.03. № 35 Қаулысымен күші жойылды

 

«Инвестициялық портфельді басқарушының ipi қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2019.14.10. берілген өзгерістермен)

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі.

«Инвестициялық портфельді басқарушының iрi қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: көрсетілетін қызметті алушының атына инвестициялық портфельді басқарушының iрi қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру туралы хатты жіберу не Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11534 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 71 қаулысымен бекітілген «Инвестициялық портфельді басқарушының iрi қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) 24-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға қағаз жеткізгіште өтініш берген жағдайда, нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.