Аңшы куәліктерін беру жөніндегі есептіліктің нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 18-03/404 бұйрығы
(2026.17.10. берілген өзгерістермен)
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 2026.30.09. № 220 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 17 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 224-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған аңшы куәліктерін беру жөніндегі есептіліктің нысаны бекітілсін.
2. «Аңшы куәлігін беру бойынша есептілік нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 26 наурыздағы № 25-03-02/122 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7513 болып тіркелген, 2012 жылы 26 мамырдағы № 269-273 (27347) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.