Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары - Шекара қызметі директорының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары - Шекара қызметі директорының 2025 жылғы 11 маусымдағы № 230/нс-па бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары - Шекара қызметі директорының өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Заң басқармасы заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның орыс және қазақ тілдеріндегі көшірмелерін электронды түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдасын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Алматы, Жетісу, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Абай және Маңғыстау облыстары бойынша департаменттері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің «Астана» және «Алматы» шекаралық бақылау басқармалары осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген енгізілген өзгерістер туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің тиісті аумақтық органдарын бір ай мерзімде хабардар етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының орынбасары -
Шекара қызметі директорының