(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ІСТЕР БОЙЫНША ІС Ж...

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын қолдану туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2012 жылғы 9 сәуірдегі № 1 Нормативтік қаулысы

(2016.25.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2023 жылғы 7 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Жоғарғы Сотының 2016.25.11. № 11 Нормативтік қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

ҚР Жоғарғы Сотының 2016.25.11. № 11 Нормативтік қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын сот практикасында қолдану кезінде туындайтын мәселелерге байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:

ҚР Жоғарғы Сотының 2014.24.12. № 3 Нормативтік қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.25.11. № 11 Нормативтік қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБтК) 785-бабының бірінші және екінші-бөліктерімен көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары (бұдан әрі - қамтамасыз ету шаралары) әкімшілік-құқықтық мәжбүрлеудің айрықша құралдары болып табылады. Оларды уәкілетті лауазымды адам өзінің өкілеттіктері шегінде әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесу, оны жасағаны үшін сезікті болған адамның жеке басын анықтау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы әкімшілік құқық бұзушылық жасалған, адамдардың өміріне немесе денсаулығына тікелей қауіпті, аварияны немесе техногендік апатты болдырмаған жерде жерде жасау мүмкін болмағанда және осындай шараларды қабылдамау істің мән-жайларын уақтылы, жан-жақты, толық және объективті анықтауға, оны заңға сәйкес шешуге, шығарылған қаулыны орындауды қамтамасыз етуге кедергі келтіретін жағдайда қолданады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.