«Бағалы металдарды өндіру субъектілерінің тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 29 наурыздағы № 293 бұйрығы

Бағалы металдарды өндіру субъектілерінің тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 29 наурыздағы № 293 бұйрығы

 

«Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» 2016 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Бағалы металдарды өндіру субъектілерінің тізбесін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму

министрінің

2016 жылғы 29 наурыздағы

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.