«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығы (2022.21.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығы

(2022.21.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.29.12. № 721 бұйрығымен атауы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

ҚР Білім және ғылым министрінің 2020.24.09. № 412 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 6) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелді) іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.29.12. № 721 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес ерекше білім беруге қажеттілігі бар (сөйлеу тілі жалпы дамымаған) балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес ерекше білім беруге қажеттілігі бар (көру қабілеті бұзылған) балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес ерекше білім беруге қажеттілігі бар (есту қабілеті бұзылған) балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы;

5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес ерекше білім беруге қажеттілігі (зерде бұзылыстары) бар балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.