«2025 қаржы жылына арналған бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 272 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 551 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «2025 қаржы жылына арналған бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 272 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін қолданылады.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген 2025 қаржы жылына арналған бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2025 қаржы жылына арналған бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидалары»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: