«Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 16 наурыздағы № 16-12 «Батыс Қазақстан облыстық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 10 сәуірдегі № 2-10 шешімі
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 28 маусымдағы № 13-2 шешімімен күші жойылды
Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 16 наурыздағы № 16-12 «Батыс Қазақстан облыстық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5114 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрселтілген шешіммен бекітілген «Батыс Қазақстан облыстық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы осы шешімнің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты
2023 жылғы 10 сәуірдегі
№ 2-10 шешімімен бекітілді
2018 жылғы 16 наурыздағы
№ 16-12 Батыс Қазақстан облыстық
мәслихатының шешімімен бекітілді
әдістеме
«Батыс Қазақстан облыстық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін
бағалаудың әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер