Су ресурстарын кешенді пайдалану мен қорғаудың бас және бассейндік схемаларын және су шаруашылығы баланстарын әзірлеу мен бекіту қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 19-1/277 бұйрығы
(2024.13.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 23 шілдедегі № 180-НҚ бұйрығымен күші жойылды
ҚР Су ресурстары және ирригация министрінің 2024.27.08. № 134-НҚ бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 13 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының Су кодексінің 37-бабы 1-тармағының 7-10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Су ресурстарын кешенді пайдалану мен қорғаудың бас және бассейндік схемаларын және су шаруашылығы баланстарын әзірлеу мен бекіту қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.