Абай облыстық мәслихатының 2023 жылғы 28 шілдедегі № 5/35-VIII «Абай облысында ортақ су пайдалану ережелерін белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Абай облысы мәслихатының 2024 жылғы 28 маусымдағы № 16/116-VIII шешімі
Абай облысы мәслихатының 2024 жылғы 26 қыркүйектегі № 19/134-VIII шешімімен күші жойылды
Абай облысы мәслихаты ШЕШТІ:
1. Абай облысы мәслихатының «Абай облысында ортақ су пайдалану қағидаларын белгілеу туралы» 2023 жылғы 28 шілдедегі № 5/35-VIII шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Абай облысының жалпы су пайдалану қағидаларының № 1 қосымшасындағы Бородулиха ауданы бөлімінде № 14 жол алынып тасталсын;
көрсетілген шешіммен бекітілген, Абай облысының жалпы су пайдалану қағидаларының № 2 қосымшсы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар
министрлігінің Абай облысы бойынша
экология департаментінің басшысы
С. Сарбасов
19 маусым 2024 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігінің
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
комитетінің Абай облысы бойынша
санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
департаментінің басшысы
Н. Ноғайбаев
19 маусым 2024 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация
министрлігі Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік
инспекцияның басшысы
М. Жәдігерұлы
19 маусым 2024 жыл
2024 жылғы 28 маусымдағы
№ 16/116-VIII шешімімен
бекітлген
Абай облысында
ортақ су пайдалану ережелерінің
2-қосымшасы