Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 23 мамырдағы № 238 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың байқау кеңестерінің құрамдарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 7 шілдедегі № 445 бұйрығында:
көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшада:
«X. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны байқау кеңесінің тәуелсіз байқаушыларының құрамынан Б.Ш. Шаяхметов шығарылсын;
көрсетілген бұйрыққа 3-қосымшада:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны байқау кеңесінің құрамына:
«Әмрин Асланбек Кемеңгерұлы - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі» енгізілсін;
көрсетілген құрамнан Ә.М. Рахымжанов шығарылсын;
көрсетілген бұйрыққа 4-қосымшада:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны байқау кеңесінің құрамына:
«Асылова Бибігүл Амангелдіқызы - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі» енгізілсін;
көрсетілген құрамнан Ә.М. Рахымжанов шығарылсын;
көрсетілген бұйрыққа 5-қосымшада: