Екібастұз қалалық мәслихатының 2023 жылғы 13 қазандағы № 80/8 «Әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және Екібастұз қаласы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2024 жылғы 29 сәуірдегі № 153/18 шешімі
Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Екібастұз қалалық мәслихатының «Әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және Екібастұз қаласы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 13 қазандағы № 80/8 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7405-14 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімге қосымшаның 2-тармағының 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«1) Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;»;
7-тармақтың 2) тармақшасының жеті абзацы жаңа редакцияда жазылсын: