Метеорологиялық және гидрологиялық мониторингтерді және қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг жүргізу жөніндегі мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2024 жылғы 14 қарашадағы № 274-Ө бұйрығы
Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 166-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Метеорологиялық және гидрологиялық мониторингтерді және қоршаған орта жай-күйіне мониторинг жүргізу жөніндегі мемлекеттік монополия субьектісі өндіретін және (немесе) өткізетін жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің ұсынылған бағалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.