Стенограмма заседания Мажилиса Парламента Республики Казахстан (11 апреля 2018 года)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ПАРЛАМЕНТІНІҢ МӘЖІЛІСІ

 

(Алтыншы сайланымның үшінші сессиясы)

 

Стенограмма

 

2018 жылғы 11 сәуір

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІНІҢ БАСЫЛЫМЫ

Астана 2018

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ

ЖАЛПЫ ОТЫРЫСЫ

 

2018 жылғы 11 сәуір

 

Отырысты Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Н.З. НЫҒМАТУЛИН жүргізді.

 

ӨРАҒА. Қайырлы күн, құрметті әріптестер! Құрметті депутаттар, баршаңызды тіркеуден өтулеріңізді сұраймын. Тіркеу режимі қосылсын.

Жұмысымызды бастау үшін қажетті кворум бар. Мәжілістің жалпы отырысын ашық деп жариялаймын.

Құрметті әріптестер, күн тәртібінің жобасы сіздерде бар. Сол бойынша сұрақтарыңыз бар ма?

 

ОРНЫНАН. Жоқ.

 

ТӨРАҒА. Онда күн тәртібі бойынша дауыс берулеріңізді сұраймын.

Нәтижесін экранға беріңіздер. Күн тәртібі бекітілді.

Құрметті депутаттар, енді күн тәртібіндегі мәселелерді қарауға көшеміз.

Бірінші мәселе - «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қорытынды әзірлеу жөнінде. Бұл мәселе бойынша сөз Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы депутат Қарақұсова Гүлжан Жанпейісқызына беріледі.

 

ҚАРАҚҰСОВА Г.Ж. Құрметті Нұрлан Зайроллаұлы! Құрметті әріптестер! Аталған заң жобасы 2018-2022 жылдарға арналған макроэкономикалық көрсеткіштер болжамының нақтылануына байланысты және Мемлекет басшысының жыл сайынғы жолдаулары мен Бес әлеуметтік бастамасын, сонымен қатар қабылданған міндеттемелердің іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатында әзірленген.

Қаржы және бюджет комитеті аталған заң жобасы бойынша 2018 жылғы 16 мамырға дейінгі мерзімде қорытынды әзірлеуге дайын. Қолдауларыңызды сұраймын.

 

ТӨРАҒА. Рақмет.

Гүлжан Жанпейісқызына сұрақтарыңыз бар ма?

 

ОРНЫНАН. Жоқ.

 

ТӨРАҒА. Онда осы мәселе бойынша дауыс берулеріңізді сұраймын.

Нәтижесін экранға беріңіздер. Шешім қабылданды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.