«Қызылорда облыстық мәслихатының 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 72 «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2022 жылғы 4 мамырдағы № 106 шешімі

Қызылорда облыстық мәслихатының 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 72 «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қызылорда облыстық мәслихатының 2022 жылғы 4 мамырдағы № 106 шешімі

 

Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Қызылорда облыстық мәслихатының 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 72 «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25827 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 438 636 103,6 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 31 563 191,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 3 565 073,1 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 9 476,0 мың теңге;

трансферттер түсімі – 403 498 363,5 мың теңге;

2) шығындар – 445 911 065,2 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – -5 988 131,9 мың теңге;

бюджеттік кредиттер – 6 809 960,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 12 798 091,9 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 998 061,5 мың теңге;

қаржы активтерін сатып алу – 998 061,5 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -2 284 891,2 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 2 284 891,2 мың теңге.»;

4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«4. Аудандар және Қызылорда қаласы бюджеттеріне облыстық бюджет қаражаты есебінен 2022 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінуі Қызылорда облысы әкімдігінің қаулысы негізінде төмендегілер үшін айқындалады:

1) жалақы төлеудің жаңа жүйесі бойынша мемлекеттік қызметшілердің еңбек ақысын ұлғайту;

2) нәтижелі жұмыспен қамтуды дамыту;

3) Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.