«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджетінің жобасын қалыптастыру жөніндегі бірінші кезектегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 11 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджетінің жобасын қалыптастыру жөніндегі бірінші кезектегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 11 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 21-тармағының 10) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) 2024-2026 жылдарға арналған бюджеттік өтінімінің жобасын уақтылы және сапалы қалыптастыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Министрліктің, оның ведомстволарының, аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджетінің жобасын қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар жоспары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, оның ведомствосының аумақтық органдары мен бөлімшелерінің және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің бастықтары осы бұйрықтың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі аппаратының басшысына жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрінің

2023 жылғы 16 қаңтардағы

№ 11 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Министрліктің, оның ведомстволарының, аумақтық бөлімшелері мен
ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің 2024-2026 жылдарға
арналған республикалық бюджетінің жобасын қалыптастыру жөніндегі іс-
шаралар жоспары

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.