«Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1022 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 801 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 4 қазандағы № 405 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 4 қазандағы № 70 бірлескен бұйрығы
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1022 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 801 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12656 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабы 3-тармағының үшінші бөлігіне, 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ»;
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтаудағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында, көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: