2) осы баптың үшінші бөлігі бойынша: қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) іске асыру үшін шекті бағаны қолдану есебінен алған кірісі (түсімі) мен инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) іске асыруға пайдаланылған кірістің (түсімнің) арасындағы айырма;
3) осы баптың төртінші бөлігі бойынша: қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің алған кірісі (түсімі) мен шекті баға деңгейін негізге ала отырып қалыптастырылған кірістің (түсімнің) арасындағы айырма түсiнiледi.
2. Кіріс (түсiм) құрамына сатылған, бiрақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған күнге ақысы төленбеген тауардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) құны да енгiзілуі керек.
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 167-бап өзгертілді
167-бап. Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібін сақтамауы
Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган белгілеген баға белгілеу тәртібін сақтамауы -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - үш жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - төрт жүз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 168-бап өзгертілді (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.08.07. № 122-VІІІ ҚР Заңымен 168-бап жаңа редакцияда (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
168-бап. Энергия өндіруші немесе энергия беруші ұйымның инвестициялық бағдарламаны орындамауы
1. Энергия өндіруші немесе энергия беруші ұйымның инвестициялық бағдарламада бекітілген іс-шараларды сақтамауы, сол сияқты орындамауы немесе тиісінше орындамауы -
лауазымды адамдарға - елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Энергия өндіруші немесе энергия беруші ұйымның табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган енгізген инвестициялық бағдарламаны орындау туралы нұсқаманы орындамауы -
тұтынушылардан алынған және инвестициялық бағдарламаны іске асыру мақсатында пайдаланылмаған сомалардың он пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, кіріс (түсім) алуға алып келген әрекет (әрекетсіздік) -
әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірістің (түсімнің) жиырма пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
169-бап. Қазақстан Республикасының биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасын бұзу
1. Биоотын өндірушілердің кейіннен биоотын етіп қайта өңдеу үшін тамақ шикізатын сатып алуға арналған квота нормаларын асыруы -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - екі жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - үш жүз қырық, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың бес жүз жетпіс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
асырылған квота мөлшерінде тамақ шикізатынан өндірілген өнім тәркілене отырып және биоотынды өндіру жөніндегі қызметті үш айға дейінгі мерзімге тоқтата тұрып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз тоқсан, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың сегіз жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Биоотын өндіру кезінде 1 және 2-сыныпты бидайды тамақ шикізаты ретінде пайдалану -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Құрамы техникалық регламенттерде белгіленген құрамға сәйкес келмейтін биоотынды сату -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Денатуратталмаған биоэтанолдың, оны биоотын өндіретін зауытқа немесе биоотынның басқа түрлеріне қайта өңдеу үшін мұнай өңдейтін зауытқа жеткізу жағдайларын қоспағанда, айналымын жүргізу -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Биоотын өндіретін нақ сол зауытта екі және одан да көп биоотын өндірушілердің биоотын өндіруді жүзеге асыруы -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Биоотын өндірушілердің биоотынды өндіру паспортынсыз, биоотын өндіру көлемін есепке алуды бақылау аспаптарынсыз не олардың ақауы болған кезде өндіруі -
осы кезеңде өндірілген өнім тәркілене отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Биоотын өндірушілердің генетикалық түрлендірілген көз (объект) болып табылатын немесе құрамында генетикалық түрлендірілген көздер (объектілер) бар тамақ шикізатын бұлардың қауіпсіздігін ғылыми негіздемелік растаусыз және бұларды мемлекеттік тіркеуді жүргізбестен қабылдауы -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне тоғыз жүз қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 10-бөлік өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10. Биоотын өндірушілердің, тиісті құжаттары болған кезде биоотынды экспорттауды қоспағанда, биоотын өндіруді және (немесе) мұнай өнімдерін компаундтеуді және (немесе) химиялық және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдерін өндіруді жүзеге асырмайтын тұлғаларға биоотынды өткізуі -
биоотынның өткізілген партиясына тең көлемде тәркілене отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне тоғыз жүз тоқсан айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 11-бөлік өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11. Биоотын өндірушілердің өндірілген биоотынды, тиісті құжаттары болған кезде биоотынды экспорттауды қоспағанда, биоотын нарығына қатысушылар мен химиялық және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдерін өндірушілер болып табылмайтын тұлғаларға оны сақтау үшін беруі -
биоотынның өткізілген партиясына тең көлемде тәркілене отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алты жүз алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 12-бөлік өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12. Тиісті құжаттары болған кезде биоотынды экспорттауды қоспағанда, биоотын нарығына қатысушылар болып табылмайтын және (немесе) биоотын өндіруді және (немесе) мұнай өнімдерін компаундтеуді және (немесе) химиялық және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдерін өндіруді жүзеге асырмайтын тұлғалардың биоотынды сақтауы -
биоотынның өткізілген партиясына тең көлемде тәркілене отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз отыз бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 13-бөлік жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13. Осы баптың жетінші, сегізінші, оныншы, он бірінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
биоотын тиісті көлемде тәркілене отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
14. Осы баптың он екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
170-бап. Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасының талаптарын бұзу
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 173-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Газбен жабдықтау жүйелері субъектісінің тауарлық, сұйытылған мұнай газын және (немесе) сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау, тиеп-жөнелту және өткізу жөніндегі мәліметтерді ұсынбауы, сол сияқты мәліметтерді белгіленген мерзімдерді бұза отырып ұсынуы -
ескерту жасауға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1-1-бөлікпен толықтырылды
1-1. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасында белгіленген газбен жабдықтау жүйелері объектілерін пайдалану жөніндегі шектеулерді сақтамау -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 3-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 173-VI ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Осы баптың оныншы бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасында белгіленген тауарлық және (немесе) сұйытылған мұнай газын есепке алу және (немесе) өткізу тәртібін бұзу —
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - жетпіс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Жер қойнауын пайдаланушының мемлекеттің шикі және (немесе) тауарлық газды сатып алуға артықшылықты құқығын бұзуы -
заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Газбен жабдықтау жүйелері объектісі меншік иесінің тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерін, тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілеріне ортақ меншік құқығындағы үлестерді және (немесе) тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерінің меншік иелері - заңды тұлғалар акцияларының пакеттерін (қатысу үлестерін) сатып алуға мемлекеттің басым құқығын бұзуы -
заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі субъектілерінің тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерін пайдаланудың белгіленген технологиялық режимдерін сақтамауы -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 7-бөлік өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, кіріс (түсім) алуға әкеп соққан әрекет -
заңды тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірістің (түсімнің) отыз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. 2018.04.07. № 173-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9. 2018.04.07. № 173-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 10-бөлікпен толықтырылды
10. Сұйытылған мұнай газын Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге заңсыз өткізу, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-қимыл белгілері болмаса, -
әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістер тәркілене отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
11. 2018.04.07. № 173-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 12-бөлікпен толықтырылды; 2018.04.07. № 173-VI ҚР Заңымен (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 12-бөлік өзгертілді
12. Осы баптың оныншы бөлігінде көзделген, бір жыл ішінде қайтадан жасалған әрекет -
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кiрiстер тәркiлене отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бес жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - сегіз жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпе. Әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кіріс (түсім) деп әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлға алған кіріс (түсім) пен Қазақстан Республикасының заңнамасы сақталған кезде осы тұлға алуға тиіс болған кіріс (түсім) арасындағы айырма түсініледі.
171-бап. Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін, тауарлық газды және сұйытылған мұнай газын өткізудің шекті бағаларын асыру
1. Мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілердің Қазақстан Республикасының мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасына сәйкес белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізудің шекті бағасынан асыруы -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2018.04.07. № 173-VI ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын өткізуді жүзеге асыратын тұлғалардың Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасына сәйкес белгіленген Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын немесе Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын асырып жіберуі -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
аккредиттеу туралы куәлiктiң қолданысын тоқтата тұрып не одан айыра отырып, заңды тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірістің (түсімнің) бір жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кіріс (түсім) деп әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлға алған кіріс (түсім) пен Қазақстан Республикасының заңнамасы сақталған кезде осы тұлға алуға тиіс болған кіріс (түсім) арасындағы айырма түсініледі.
2024.08.07. № 122-VІІІ ҚР Заңымен 172-баптың тақырыбы өзгертілді (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
172-бап. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы және жылу энергетикасы саласындағы заңнамасын бұзу
2024.19.06. № 95-VIII ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Энергия өндіруші ұйымның Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында көзделген инвестициялардың көлемі мен бағыттары не инвестициялық міндеттемелердің орындалуы туралы мәліметтерді масс-медиада жарияламауы, уақтылы, анық немесе толық жарияламауы -
орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сегіз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Энергия өндіруші ұйымның Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында көзделген электр энергиясын өндіру мен өткізуге жұмсалған шығындар бойынша және электр энергиясын өндіру мен өткізу көлемі бойынша есептерді ұсынбауы, уақтылы, анық немесе толық ұсынбауы -
орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - үш жүз жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.08.07. № 122-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-бөлік өзгертілді
3. Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың, жылумен жабдықтау субъектілерінің мемлекеттік органдар сұрау салған, Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы және жылу энергетикасы саласындағы заңнамасында көзделген өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына қажетті ақпаратты ұсынбауы, уақтылы, анық немесе толық ұсынбауы -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, энергия өндіруші ұйымның келісімде айқындалған инвестициялық міндеттемелерді орындамауы -
орта кәсіпкерлік субъектілеріне - келісімде көзделген инвестициялық міндеттемелерді іске асыруға пайдаланылмаған соманың бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне он пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-бөлік өзгертілді
5. Электр және (немесе) жылу энергиясын заңсыз шектеу және (немесе) ажырату -
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Энергиямен жабдықтаушы ұйымның тұтынушымен энергиямен жабдықтау жеке шартын жасасудан бас тартуы -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 173-бап жаңа редакцияда (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
173-бап. Кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу
1. Осы Кодекстің 164-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарының, квазимемлекеттік сектордың, табиғи монополиялар субъектілерінің, сондай-ақ меншік нысандарына қарамастан, өзге де ұйымдардың заңсыз актілер шығару, заңсыз тапсырмалар беру, құқыққа сыйымсыз шешімдер қабылдау, сол сияқты заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіретін әрекеттер (әрекетсіздік) жасау арқылы дара кәсіпкерлердің немесе заңды тұлғалардың қызметіне заңсыз араласуы, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
174-бап. Кәсіпқой спорт жарыстарының және коммерциялық ойын-сауық конкурстарының қатысушылары мен ұйымдастырушыларын параға сатып алу
1. Спортшыларды, спорт судьяларын, жаттықтырушыларды, команда басшыларын және кәсіпқой спорт жарыстарының басқа да қатысушыларын немесе ұйымдастырушыларын, сол сияқты коммерциялық ойын-сауық конкурстарының ұйымдастырушыларын немесе қазылар алқасы мүшелерін осы жарыстардың немесе конкурстардың нәтижелеріне ықпал ету мақсатында параға сатып алу -
екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Спортшылардың жарыс нәтижелеріне ықпал ету мақсатында өздеріне берілген ақшаны, бағалы қағаздарды немесе өзге де мүлікті заңсыз алуы, сол сияқты спортшылардың дәл сол мақсаттарда өздеріне ұсынылған мүліктік сипаттағы көрсетілетін қызметтерді заңсыз пайдалануы -
екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 4-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Спорт судьяларының, жаттықтырушылардың, команда басшыларының және кәсіпқой спорт жарыстарының басқа да қатысушыларының немесе ұйымдастырушыларының, сол сияқты коммерциялық ойын-сауық конкурстарын ұйымдастырушылардың немесе қазылар алқасы мүшелерінің осы баптың үшінші бөлігінде көрсетілген мақсаттарда ақшаны, бағалы қағаздарды немесе өзге де мүлікті заңсыз алуы, мүліктік сипаттағы қызметтерді заңсыз пайдалануы -
екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 175-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
175-бап. Кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік бақылау жүргізу тәртібін бұзу
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бөлік жаңа редакцияда
1. Кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік бақылау жүргізу тәртібін бұзу, оның ішінде:
1) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу негіздерінің болмауы;
2) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-4-бабының 3-тармағында көзделген тергеп-тексеруді жүргізу үшін негіздердің болмауы;
3) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актінің болмауы;
4) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру жүргізу туралы хабарламаның болмауы, сол сияқты хабардар ету мерзімдерінің сақталмауы;
5) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 151-бабында көзделген шектеулерді бұзу;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тергеп-тексеру жүргізу тәртібін бұзу;
7) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 149-бабында көзделген өнім үлгілерін іріктеу тәртібін бұзу;
8) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабына сәйкес бекітілген Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көрсетілген талаптарға сәйкестігіне бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу кезеңділігін бұзу;
9) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актіні бақылау мен қадағалау субъектісіне ұсынбау;
10) мемлекеттік органдардың өздерінің құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындауы;