«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының 2024 - 2033 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 1180 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 28 сәуірдегі № 285 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының 2024 - 2033 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 1180 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының 2024 - 2033 жылдарға арналған даму жоспары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы 28 сәуірдегі
№ 285 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 1180 қаулысымен
бекітілген
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының
2024 - 2033 жылдарға арналған даму жоспары
Кіріспе
1-бөлім. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ ағымдағы жағдайын талдау
1-кіші бөлім. Сыртқы ортаны талдау
1-тарау. Ағымдағы жағдайды және сыртқы ортаның жаһандық факторларының ықпалын талдау
1-параграф. Макроэкономикалық үрдістер
2-параграф. Мегатрендтер
3-параграф. Бенчмаркинг
2-тарау. Сыртқы ортаның құқықтық және саяси факторлары. Мемлекеттік экономикалық саясаттың негізгі бағыттары
1-параграф. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның мемлекеттік бағдарламалық құжаттарды іске асыруға қатысуы
2-кіші бөлім. Ішкі ортаны талдау
3-тарау. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның және ЕҰ-ның ағымдағы құрылымы
4-тарау. Компания қызметінің мықты және әлсіз жақтарын талдау
2-бөлім. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ миссиясы мен пайымы
3-бөлім. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ қызметінің стратегиялық бағыттары