«Эндаумент-қор (нысаналы капитал) активтерінің есебінен нысаналы капитал қорының бір тұлғасы және үлестес тұлғалары шығарған (ұсынған) қаржы құралдарына (ақшаны қоспағанда) инвестициялардың жиынтық мөлшерін белгілеу және Эндаумент-қор (нысаналы капитал) активтерінің құрамына кіруі мүмкін қаржы құралдарының тізбесін, Эндаумент-қор (нысаналы капитал) активтерінің құрамына кіруі мүмкін қаржы құралдарын басқарушы компаниялардың (фидуциарийлердің) басқаруы қағидаларын, сондай-ақ Эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) таза активтері мен активтерінің құнын есептеу және айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2025 жылғы 28 тамыздағы № 44 Қаулысы

Эндаумент-қор (нысаналы капитал) активтерінің есебінен нысаналы капитал қорының бір тұлғасы және үлестес тұлғалары шығарған (ұсынған) қаржы құралдарына (ақшаны қоспағанда) инвестициялардың жиынтық мөлшерін белгілеу және Эндаумент-қор (нысаналы капитал) активтерінің құрамына кіруі мүмкін қаржы құралдарының тізбесін, Эндаумент-қор (нысаналы капитал) активтерінің құрамына кіруі мүмкін қаржы құралдарын басқарушы компаниялардың (фидуциарийлердің) басқаруы қағидаларын, сондай-ақ Эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) таза активтері мен активтерінің құнын есептеу және айқындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2025 жылғы 28 тамыздағы № 44 Қаулысы

 

«Нысаналы капитал қорлары және эндаумент-қорлар (нысаналы капиталдар) туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 1) және 2) тармақшаларына, 27-бабының 4-тармағына және 28-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Эндаумент-қор (нысаналы капитал) активтерінің есебінен нысаналы капитал қорының бір тұлғасы және үлестес тұлғалары шығарған (ұсынған) қаржы құралдарына (ақшаны қоспағанда) инвестициялардың жиынтық мөлшері эндаумент-қордың (нысаналы капитал) таза активтері құнының (30) отыз пайызынан аспайтын мөлшерде белгіленсін.

2. Мына:

1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Эндаумент-қор (нысаналы капитал) активтерінің құрамына кіруі мүмкін қаржы құралдарының тізбесі;

2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Эндаумент-қор (нысаналы капитал) активтерінің құрамына кіруі мүмкін қаржы құралдарын басқарушы компаниялардың (фидуциарийлердің) басқаруы қағидалары;

3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) таза активтері мен активтерінің құнын есептеу және айқындау қағидалары бекітілсін.

3. Бағалы қағаздар нарығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.