«Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 383-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 11 желтоқсандағы № 650-НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 383-НҚ бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
жоғарғы оң жақ бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрінің
2023 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 383-НҚ бұйрығымен
бекітілген»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру, волонтерлік қызмет, қоғамдық кеңестер қызметі, қайырымдылық, медиация және ішкі саяси тұрақтылық салаларында басшылықты жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады.»;
14-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: