Жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелеріне және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелеріне жәрдем көрсетуі үшін материалдық-техникалық жарақтандыру, ғимараттар мен құрылыстарды салу, реконструкциялау және жөндеу тізбесін бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 27 маусымдағы № 567 бұйрығы
(2023.08.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2024 жылғы 19 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2021.02.04. № 154 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2023.13.03. № 108 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 8 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15 - бабы 4-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2021.02.04. № 154 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса берілген Жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелеріне және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелеріне жәрдем көрсетуі үшін материалдық-техникалық жарақтандыру, ғимараттар мен құрылыстарды салу, реконструкциялау және жөндеу тізбесі бекітілсін.
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2023.13.03. № 108 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 8 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелеріне бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру кезінде бекітілген Тізбені басшылыққа алу Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.В. Петров) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;