Өкімдердің нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 145 бұйрығы
(2024.05.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2020.15.05. № 487 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Қаржы министрінің 2024.16.02. № 84 бұйрығымен (2024 ж. 5 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 118-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 125-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 256-бабы 3-тармағына, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және «Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 525 Қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2020.15.05. № 487 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің), кедендік төлемдер мен салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы мемлекеттік кірістер органы;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес әлеуметтік төлемдерді төлейтін агенттің (әлеуметтік төлемдерді төлеушінің) банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы мемлекеттік кірістер органы өкімдердің нысандары бекітілсін.
ҚР Қаржы министрінің 2024.16.02. № 84 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 5 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)