Жас ғалымдарға пәтер бөлудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 29 қаңтардағы № 28 бұйрығы
(2025.19.02. берілген өзгерістермен)
ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 16 қазандағы № 482 бұйрығымен күші жойылды
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің 2023 жылғы 12 сәуірдегі № 23-01-46.1 хаттамасының 6.1-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 19-тармағының 4) тармақшасына, сондай-ақ «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекет қатысатын ғылыми ұйымдардың, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының жас ғалымдары үшін пәтерлерді бөлу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Комиссияның ережесі бекітілсін.
3. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Мемлекет қатысатын ғылыми ұйымдардың, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының жас ғалымдарына пәтер беру үшін жас ғалымдарға қойылатын талаптар белгіленсін.
4. Ғылым комитеті «Астана-20» мемлекеттік қоры беретін, одан әрі жас ғалымдарға беруге арналған пәтерлерді қабылдауға жауапты ұйымды айқындасын.
5. ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2025.19.02. № 66 бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2025.19.02. № 66 бұйрығымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)