«Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары тергеу изоляторларының ішкі тәртіптеме қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 15 қазандағы № 346 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2023 жылғы 5 қазандағы № 84/қе бұйрығы

«Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары тергеу изоляторларының ішкі тәртіптеме қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 15 қазандағы № 346 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2023 жылғы 5 қазандағы № 84/қе бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары тергеу изоляторларының ішкі тәртіптеме қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 15 қазандағы № 346 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9887 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары тергеу изоляторларының ішкі тәртіптеме қағидаларында:

14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«14. Жүкті әйелдерді және өзімен бірге үш жасқа дейінгі балалары бар әйелдерді орналастыру үшін «Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталғандарды тамақтандыру және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 5 маусымдағы № 448 бұйрығы (бұдан әрі - Бұйрық) белгіленген жетілдірілген материалдық тұрмыстық жағдай жасалады, мамандандырылған медициналық қызмет көрсету ұйымдастырылады және тамақтану мен заттай қамтамасыз етудің жоғарғы нормалары белгіленеді. Жүкті әйелдер мен өзімен бірге балалары бар әйелдерге күніне үш сағатқа созылатын серуендеулер ұсынылады. Карцерге жабу түріндегі жазалау шаралары оларға қолданылмайды.»;

37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«37. Бұйрыққа сәйкес камераларда жалпы пайдалану үшін және онда ұсталатын адамдардың санына қарай есептеліп мыналар беріледі:

1) шаруашылық және иіс сабыны;

2) үстел ойындары: дойбылар, шахматтар, домино, нардалар;

3) камераны жинауға арналған заттар;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.