Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы
Қостанай облысы әкімдігінің 2016 жылғы 10 маусымдағы № 266 Қаулысы
(2017.10.03. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2017 жылғы 29 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қостанай облысы әкімдігінің 2017.10.03. № 137 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес «Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;