(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТ...

Осы редакция 2018 жылғы 6 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

міндетін атқарушының

2018 жылғы 29 наурыздағы

№ 138 бұйрығына

1-қосымша

 

 

Денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу

 қағидалары

 

 

1-бөлім. Жалпы ережелер

 

1. Осы Денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы18 қыркүйектегі Кодексінің (бұдан әрі - Денсаулық туралы кодекс) 25-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 591 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15604 болып тіркелген) Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылатын сатып алынатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1) медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы мен көлемі бойынша шарттық міндеттемелерді мониторингтеу (бұдан әрі - сапа мен көлемді мониторингтеу) - денсаулық сақтау саласындағы заңнама талаптарына және денсаулық сақтау субъектілерінен шарттық міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдау үшін сапаны бағалау индикаторларын қолдану және медициналық көмек көрсету ақауларын айқындау арқылы көрсетілетін медициналық қызметтерді сатып алу шартының сәйкестігіне көрсетілген медициналық қызметтерді жүйелі бағалау;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.