(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) КӘСІПКЕРЛІК НЕМЕСЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЗМЕТТІ ЛИЦЕНЗИЯСЫЗ ЖҮЗЕ...

Кәсіпкерлік немесе өзге де қызметті лицензиясыз жүзеге асыру кезінде тапқан табысты алу жөніндегі заңнаманы соттардың қолдануы туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы № 4 Нормативтік қаулысы

Осы редакция 2016 жылғы 25 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Тұлғалардың кәсіпкерлік немесе өзге де қызметті лицензиясыз жүзеге асыру кезінде тапқан табысты алу жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасын сот тәжірибесінде біркелкі қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:

1. «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 9-14-баптарымен кәсіпкерлік және өзге де қызмет түрлері тізбегінің жан-жақты қарастырылғанына, тұлғаның олармен айналысар алдында Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен лицензияны алуға міндетті екеніне соттар назар аударсын.

2. Тұлғалар Заңның 24-бабының 1-тармағына сәйкес кәсіпкерлік қызметпен лицензиясыз айналысқаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексімен (бұдан әрі - Кодекс) көзделген әкімшілік жауапкершілік немесе Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабында көзделген қылмыстық жауапкершілік көтереді.

3. Сот тұлғаның кәсіпкерлік қызметпен лицензиясыз айналысқаны үшін Кодекстің 45, 50-баптарына сәйкес қосымша әкімшілік шара ретінде меншік құқығымен осы тұлғаға тиесілі және әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың құралы болған заттарды ғана емес, сонымен бірге осы әкімшілік құқық бұзушылықты жасаудың нәтижесінде алынған табыстарды да тәркілеуі мүмкін. Мұндай заттар мен табыс, егер оларды тәркілеу Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабының санкциясымен көзделген болса, тәркіленуі мүмкін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.