«Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осы қарап-тексерулерді өткізудің қағидаларын, көлемін және кезеңділігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-174/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 112 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осы қарап-тексерулерді өткізудің қағидаларын, көлемін және кезеңділігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-174/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21572 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшамен бекітілген скринингтік зерттеулерді жүргізу қағидалары, көлемі мен кезеңділігінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Скринингтік зерттеулер меншік нысанына қарамастан амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында (бұдан әрі – АЕК ұйымдары), оның ішінде жылжымалы медициналық кешендер мен медициналық пойыздарды пайдалана отырып жүргізіледі.
Жұмыс берушілер осы қарап-тексерулерге жататын адамдарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде скринингтік зерттеулерден өту үшін жағдайлар жасайды, сондай-ақ жұмыскерлерді олардан өту үшін жұмыс уақыты кезеңінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс орнын (лауазымын), орташа жалақысын сақтай отырып, кедергісіз босатады.»;
Скринингтік зерттеулерді өткізу қағидалары, көлемі мен кезеңділігіне 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.