2007 жылғы 26 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Хатшылығы арасындағы Хатшылықтың Қазақстан Республикасының аумағында болуы шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама (2024 жыл 15 қараша Астана қ.)

2007 жылғы 26 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Хатшылығы арасындағы Хатшылықтың Қазақстан Республикасының аумағында болуы шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы

хаттама

(2024 жыл 15 қараша Астана қ.)

 

ҚР 2025 жылғы 19 мамырдағы № 189-VIII Заңымен ратификацияланды

2024 ж. 15 қарашадан бастап уақытша қолданылады

 

2007 жылғы 26 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Хатшылығы арасындағы Хатшылықтың Қазақстан Республикасының аумағында болуы шарттары туралы келісімге (бұдан әрі - Келісім) қол қойған Тараптар болып табылатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің Хатшылығы

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі Хатшылығының функцияларын тиісінше орындау мақсатында Хатшылықтың Қазақстан Республикасының аумағында болуы шарттарын жақсартуға ұмтыла отырып,

Келісімнің 7-бабының 3-тармағын басшылыққа ала отырып,

төмендегілер туралы келісті:

 

 

1-бап

 

1. Тараптар Келісімге мынадай өзгерістер енгізуге келісті:

1) 1-баптың 2-тармағының (f) және (g) тармақшалары алып тасталсын;

2) 1-баптың 2-тармағының (h) тармақшасы жаңа (f) тармақша болып саналсын;

3) 1-баптың 2-тармағының (i) тармақшасы жаңа (g) тармақша болып саналсын және ол мынадай редакцияда жазылсын:

«(g) «Бас хатшы» - Кеңестің бас лауазымды адамы;»;

4) 1-баптың 2-тармағының (j) тармақшасы жаңа (h) тармақша болып саналсын және ол мынадай редакцияда жазылсын:

«(h) «кәсіби персонал мүшелері» - Бас хатшы мен Бас хатшының орынбасарынан басқа мүше мемлекеттер Хатшылыққа жұмысқа жіберілетін адамдар;»;

5) 1-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы жаңа (i) тармақшасымен толықтырылсын:

«(i) «жалпы/көмекші персонал мүшелері» - белгілі бір қызметтерді көрсету үшін уақытша жалданғандарды қоспағанда, мүше мемлекеттердің азаматтары арасынан келісімшарттық негізде Хатшылыққа жұмысқа қабылданған адамдар;»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.