«Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі қызметті жүзеге асыруға сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 112 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 2 ақпандағы № 51 бұйрығы

 «Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі қызметті жүзеге асыруға сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 112 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 2 ақпандағы № 51 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі қызметті жүзеге асыруға сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 112 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10488 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 2 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі қызметті жүзеге асыруға сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидаларында:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі қызметті жүзеге асыруға сараптама ұйымдарын аккредиттеу аттестатын (бұдан әрі - Аккредиттеу) алу үшін заңды және жеке тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитетіне (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқор» ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі - Портал) «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында өтініш береді.

Қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызмет көрсету стандартында (бұдан әрі - Стандарт) жазылған.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.