Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерінің шығындарын өтеудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 ақпандағы № 49 Қаулысы
(2026.31.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2022.05.08. № 532 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2024.29.02. № 138 Қаулысымен (2024 ж. 18 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 36-1-бабының 2-тармағына, 73-бабының 5 және 7-тармақтарына, 77-бабының 4-тармағына және 78-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2020.28.02. № 87 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2022.05.08. № 532 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2024.29.02. № 138 Қаулысымен (2024 ж. 18 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2026.16.10. № 925 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 31 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлікте жүргені үшін арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) шығындарын өтеу қағидалары;
2) Қызмет бабымен ауысқан немесе қызметтен шығарылған кезде Қазақстан Республикасының шегінде арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан, сондай-ақ әскери, арнаулы оқу орындарынан немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарынан үлгермеушілігі үшін немесе өз бастамасы бойынша шығарып жіберілген магистранттардан, докторанттар мен адъюнкттерден басқа) жеке мүлкін тасымалдау шығындарын өтеу қағидалары;
3) Көлікте жол жүргені үшін әскери, арнаулы оқу орындары немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдары курсанттарының, тыңдаушыларының шығындарын өтеу қағидалары;