«Жария мүдделі ұйымдардың (қаржы ұйымдарынан басқа) жариялауы үшін жылдық қаржылық есептіліктің тізбесі мен нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 28 маусымдағы № 404 бұйрығы (2026.23.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Жария мүдделі ұйымдардың (қаржы ұйымдарынан басқа) жариялауы үшін жылдық қаржылық есептіліктің тізбесі мен нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 28 маусымдағы № 404 бұйрығы

(2026.23.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Қаржы министрінің 2022.02.03. № 241 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2026.05.05. № 289 бұйрығымен (2026 ж. 23 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда

«Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 643-6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жария мүдделі ұйымдардың (қаржы ұйымдарынан басқа) жариялауы үшін жылдық қаржылық есептілік тізбесі;

2) жария мүдделі ұйымдардың (қаржы ұйымдарынан басқа) жариялауы үшін жылдық қаржылық есептілік нысандары:

осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Бухгалтерлік баланс» нысаны;

осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Пайда мен шығындар туралы есеп» нысаны;

осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп (тікелей әдіс)» нысаны;

осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп (жанама әдіс)» нысаны;

осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Капиталдағы өзгерістер туралы есеп» нысаны бекітілсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.