(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «КАМЕРАЛДЫҚ БАҚЫЛАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ МӘЛІ...

Камералдық бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтердің тізбесін, сондай-ақ оларды кеден органдарының, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органның, сәйкестікті растау жөніндегі органдардың және сынақ зертханаларының (орталықтарының) ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № ҚР ДСМ-202/2020 бұйрығы

 

Осы редакция 2024 жылғы 28 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 45-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес камералдық бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтер тізбесі;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес кеден органдарының, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органның, сәйкестікті растау жөніндегі органдардың және сынақ зертханаларының (орталықтарының) камералдық бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтер тізбесін ұсыну қағидалары бекітілсін.

2. Мыналардың:

1) «Камералдық бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтердің тізбесін, сондай-ақ Кеден ісі саласындағы және техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органдардың, сәйкестікті растау жөніндегі органдардың және сынақ зертханаларының (орталықтарының) оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 5 маусымдағы № 421 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11904 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 14 қыркүйекте жарияланған);

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.