«Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін кадрларды даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2021-2022, 2022-2023, 2023-2024 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 302 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 647 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін кадрларды даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2021-2022, 2022-2023, 2023-2024 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 302 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 және 8-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 және 8-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрыққа 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15 және 16- қосымшалар осы бұйрыққа 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15 және 16-қосымшаларға сәйкес толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: