«Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 865 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 12 маусымдағы № 495 Қаулысы

«Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 865 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 12 маусымдағы № 495 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 865 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі туралы ережеде:

15-тармақта:

мынадай мазмұндағы 110-9), 110-10), 110-11) және 110-12) тармақшалармен толықтырылсын:

«110-9) мемлекеттік балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріндегі жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

110-10) мемлекеттік балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріндегі жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

110-11) мемлекеттік балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

110-12) дене шынықтыру мен спорттың цифрлық платформасын қалыптастыру мен жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;

1-тармақтың тоғызыншы - жиырма тоғызыншы абзацтары 2026 ж. 17 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді

117) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«117) турагенттік қызметтің, гид, экскурсия жүргізуші және туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтердің нысандарын бекітеді;»;

120) тармақша алып тасталсын;

121) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«121) Қазақстан Республикасының аумағында кәмелетке толмаған жолаушыларды әуемен тасымалдау кезінде туристік өнімге қосылған билет құнын субсидиялау қағидаларын, сондай-ақ туристік өнімге қойылатын талаптарды бекітеді;»;

122) тармақша алып тасталсын;

123), 124), 125), 126), 127) және 128) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«123) әрбір шетелдік турист үшін келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығынын субсидиялаудың қағидалары мен мөлшерін, субсидиялауға қойылатын талаптарды бекітеді;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.