Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының кейбір учаскелеріндегі автомобиль өткізу пункттерін уақытша жабу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 155 Қаулысы
(2020.10.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2020 жылғы 1 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 55-бабының 7) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ әлемде COVID-19 таралуы салдарынан санитариялық-эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық жағдай жақсарғанға дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының кейбір учаскелеріндегі автомобиль өткізу пункттері уақытша жабылсын.
ҚР Үкіметінің 2020.10.06. № 369 Қаулысымен 1-1-тармақпен толықтырылды