«Мемлекеттік аудитор біліктілігін беруге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия туралы ережені бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 23-НҚ нормативтік қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Төрағасының 2017 жылғы 31 шілдедегі № 8-НҚ нормативтік қаулысы
«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы Заңының 39-бабының 5-тармағына сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі - Есеп комитеті) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мемлекеттік аудитор біліктілігін беруге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия туралы ережені бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 23-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12680 болып тіркелген, 2016 жылғы 8 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Мемлекеттік аудитор біліктілігін беруге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия туралы ережеде:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрағасы Ұлттық комиссияның төрағасы болып табылады.
Ұлттық комиссияның жұмыс органы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі - Есеп комитеті) болып табылады.
Ұлттық комиссияның төрағасы осы тармақтың төртінші бөлігінде көрсетілген ұйымдар басшыларының ұсыныстары негізінде Ұлттық комиссияның дербес құрамын бекітеді.
Ұлттық комиссия құрамына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Есеп комитетінің, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның өкілдері, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары (келісім бойынша) кіреді.