Алматы қаласының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы
VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының LVIІI сессиясының 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 420 шешiмi
Осы редакция 2020 жылғы 18 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 8-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6, 7-баптарына, Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 4 желтоқсандағы «2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес, VI сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алматы қаласының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті осы шешімнің 1, 2 және 3 қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2020 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 726 413 880 мың теңге, оның ішінде мыналар бойынша:
салықтық түсімдер - 581 256 822 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 1 263 940 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 14 414 639 мың теңге;
трансферттер түсімдері - 129 478 479 мың теңге;
2) шығындар - 667 342 657 мың теңге;
3) таза бюджеттік несие беру - 11 504 330 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 51 239 301 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 51 685 800 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы - -3 672 408 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 3 672 408 мың теңге.
2. Алматы қаласы бюджетінің кірістері мынадай салықтар мен алымдар есебінен құралады деп белгіленсін:
корпоративтік табыс салығынан;
жеке табыс салығынан;
әлеуметтік салықтан;
заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салықтан;
жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықтан;
жер салығынан;
заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықтан;
жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықтан;
бірыңғай жер салығынан;
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген спирттiң және (немесе) шарап материалының, алкоголь өнімдерінің барлық түрлерiне акциздерден;