«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілерін өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 21 қарашадағы № 103 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 11 қаңтардағы № 3 бұйрығы

«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілерін өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 21 қарашадағы № 103 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 11 қаңтардағы № 3 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілерін өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 21 қарашадағы № 103 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9988 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

осы бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілерін өткізу қағидаларында:

7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Дене жаттығуларының түрлері осы Қағидаларға 1-қосымшада келтірілген:

1) жүгіру (30, 60, 100, 500, 1000 метр) - стадионның жүгіру жолында немесе кез келген тегіс жерде және жеңіл атлетика қағидаларына сәйкес өткізіледі;

2) орнында тұрып ұзындыққа секіру - ашық және жабық кешендердегі кез келген тегіс жерде өткізіледі;

3) биік кермеде тартылу бастапқы қалыпта жоғарыдан ұстай асылып, аяқты еденге (жерге) тигізбей орындалады. Кермеден иек жоғары өтіп және бастапқы қалыпқа қайтып оралған кезде жаттығу орындалған болып есептеледі. Жаттығуды орындау кезінде қолдарды айқастыруға болмайды;

4) кеудені көтеру шалқалап жатқан қалыпта, аяқ тізеден 90 градус бұрышқа бүгіліп, алақан иықта және табаннан серіктестің ұстап тұруымен орындалады;

5) Тегіс жерлерде жүгірудің қашықтығы саябақ, орман аумағында немесе қандай да болмасын ашық жерде өтеді.

8. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілерін тапсыру ауа-райына байланысты далада немесе жабық спорттық кешендерде өткізіледі.»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.