«Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2026 жылғы 17 ақпандағы № 60 бұйрығы (2026.21.08. берілген өзгерістермен)

Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2026 жылғы 17 ақпандағы № 60 бұйрығы

(2026.21.08. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 139) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінің тізбесі бекітілсін.

2. «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің «Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінің тізбесін бекіту туралы» 2019 жылғы 31 мамырдағы № 106/НҚ бұйрығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 15 қыркүйектегі № 401 бұйрығының күші жойылсын.

3. Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қазақ және орыс тілдерінде электронды түрде жолдауды;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Төтенше жағдайлар министрі

генерал-лейтенант

 

 

Ш. Әрінов

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Қорғаныс министрлігі

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.